Коммуналдық қарыз 300 млн. теңге

 Тобыл өңірі тұрғындарының коммуналдық қызмет алдындағы қарызы 300 млн. теңгеден асып жығылады.
Бұл туралы облыстық әкімдіктің аппарат жиынында мәлім болды. Қысқы әзірлік жұмыстарын сөз еткен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының басшысы қордаланған қарыздың кімдерге тиесілі екенін жіпке тізді. Нақты тоқталар болсақ, қостанайлықтар 210,8 млн. теңге берешек. Жітіқара, Лисаков қаласы тұрғындарының да қарызы көп. Жалпы соманың 68 % жылу компанияларына тиесілі. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓