Мемлекеттік қызметкерлер жарысқа шықты
Сарыкөлде мемлекеттік қызметкерлер арасында футболдан аудандық жарыс өтті. Спорттық шараға үш команда қатысты.
Жаңадан салынған "Батыр" стадионында өткен алғашқы аудандық жарыстың ашылуында аудан әкімі Эльдар Күзенбаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүрекжарды лебізінен кейін облыстық спартакиаданың ойдағыдай өтуіне атса-лысқан бір топ аудан азаматтарын алғыс хаттармен марапаттады.
Сарыкөлдіктерге қуаныш сыйлаған салтанаттан соң тағатсыздана тосқан футбол да басталды. Тамаша ойын-өрнегін көрсеткен әр команда мықты дайындықпен келгендерін дәлелдеп, жарысты тартысқа толы өткізді. Бір-бірімен бақ сынасқандардың ең мықтысы – Тәгіл құрамасы жеңімпаз атанды.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.