Жалынды жеңімпаздар
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылында мемлекеттік және әскери қызметшілер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған жергілікті Пресногорьков, Петропавловол ауылдық округтерінің, Ақбалшық шекара бақылау бөлімшесі және Ақбалшық шекара заставасының құрамалары қатысты. Пресногорьков ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Г.Бекетаева мен «Ақбалшық» шекара заставасының бастығы О.Сапарғалиев барлық қатысушыларды құттықтап, жеңіске деген сәттілік тіледі.


Н.Керченов, 2031 әскери бөлімінің капитаны.