Тақырып өзегі – цифрландыруды жетілдіру
Облысымызда халыққа қызмет көрсететін 24 фронт-кеңсе орталығы жұмыс істейді. Олардың қатарында Мамандандырылған ХҚКО мен Көші-қон қызметі орталығы бар. Ал жалпы Азаматтарға арналған үкімет ашылғалы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны 530-дан 634-ке дейін өсті (бұл саны реестрде тіркелген 742 қызметтің 85 пайызы). Оның ішінде 531 қызмет (71%) электрондық форматқа, яғни, автоматты тәртіпке көшірілген. Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың аяғына дейін оның үлесі 80%, ал 2020 жылдың соңында 9% болмақ. Осы және өңіріміздегі мемлекеттік қызмет түрін цифрландыруды одан әрі жетілдіру тақырыбы бүгінгі облыстық мәслихаттың кезекті мәжілісінде айтылды.
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру жағынан күнделікті жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік корпорация қызмет еткен 3 жыл ішінде жүздеген мемлекеттік қызмет оңтайланып, 117 қызмет толығымен реестрден алынып тасталған. Тұрғындарға қолжетімді әрі оңтайлы көптеген пилоттық жобалар енгізіліпті.
– Қазіргі таңда фронт-кеңсе қызметкерлері жұмысының негізгі әрі күрделі бөлігі – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. 2018 жылы осы бағытта «Цифрлық бөлім» ашылды. Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Электрондық үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер» курс семинарынан оқу бағдарламасы әзірленді. Осы жыл аралығынджа цифрлық ХҚКО сыныбында 7 мыңнан астам адам оқып, арнайы сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде облыстық әкімдікпен бірлесіп желілік кесте әзірледік. Бүгінгі таңда оқудан өткендер саны 21 мыңнан астам адамды құрап отыр. Бұл жоспардағыдан артық, яғни, азаматтардың өздігінен элетрондық қызмет алуға деген ұмтылысы артып келеді, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ филиалының фронт-кеңсе үйлестіру басқармасының басшысы Әсел Наурызбаева.
Қыдырбек Қиысхан,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.