Кенеден келер қауіп көп
Қостанай қаласында сәуір-мамыр айларында 67 адамды кене шаққан. Соның жиырма бесі 14 жасқа дейінгі балалар.
Кененің көбеюіне ауа-райының күрт жылынуы себеп. Сондықтан сәуір-мамыр айларында кенеден сақ болған жөн. Қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бас маманы Гүлсім Мәруарқызының айтуы бойынша, кене шаққаннан кейін бірден дәрігерге қаралған абзал. Себебі, кене түрлі ауруларды тасымалдаушы зиянкес жәндік.