Басты мәселе – баспана

Соңғы жылдары Қостанай қаласында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Қала сыртында «Алтын-Арман», «Әуежай», «Юбелейный», «Береке» атты шағын аудандар бой көтеріп, шаһар шырайын аша түсті.IMG_0892
Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан баспаналарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ТҮҚЖБ) арқылы қол жеткізе аласыз. Аталмыш банк жүйесі Қазақстандағы ең тиімді ипотекалық несилерді ұсынады.
Мәселен, Қостанай облысында банк желісі бойынша 930 пәтерлі  15 үй пайдалануға берілген. Баспана ТҮҚЖБ салымшылары арасында сатылып отыр. Бұл нысандардың барлығы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен жүзеге асқан.
Сондай-ақ, биыл жергілікті атқарушы органдар арқылы 528 пәтерден тұратын 9 үй салынып бітті. Оның 7-еуі Қостанайда, ал қалған 2 үй Қостанай ауданындағы Заречное ауылында. Пәтердің 1 шаршы метрі – 140 мың теңге. Жаңа мөлтек аудандарда баспанамен қатар балабақша, мектеп, спорт кешендері қоса салынады.
Құрылыста 90 пайыздық үлеспен отандық материалдар пайдаланылған. Бүгінгі таңда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Қонай» ауылында көпқабатты үйлер салу мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта Қостанай қаласының аумағын әлеуметтік-экономикалық және кешенді дамыту үшін бас жоспарды түзетуді қажет етеді, себебі қаланың бас жоспары іс жүзінде іске асырылған.Банк келер жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында баспана санын арттырмақ. Өйткені, облыс аумағында жалпы аумағы 70 мың шаршы метр болатын мыңнан аса пәтердің құрылысы жоспарланған.
ТҮҚЖБ-нің Қостанай облысындағы филиалының директоры Дәурен Саудабаевтың айтуынша, жеке баспана алу үшін қазірден бастап, депозит ашып, ақша жинаған жөн.Дәурен Саудабаев-Сіз пәтерге қаражат жинауды бүгіннен бастай аласыз. Біздің банк клиенттері пәтерді ең тиімді бағамен әрі тез сатып алады. Алғашқы жарна үшін үйдің 30 пайызын жинап, қалғанын 5 пайыздық несиемен аласыз. ТҮҚЖБ-нен есеп шот ашуға сіздің несие тарихыңыз еш кедергі келтірмейді, тек ағымдағы қарызыңыз болмау керек.  Қазір облыс бойынша 45 мыңға жуық салымшы бар, олардың жалпы сомасы 19 млрд  теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан,-дейді Д.Саудабав.
Сондай-ақ, тұтынушылар baspana.kz жылжымайтын мүлік порталынан өзіне ұнаған кез келген үйді таңдай алады. Онлайн-сервис салымшыларға ыңғайлы әрі пәтерлерді бөлу процесінің айқын болуы үшін жасалған.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысып, баспаналы болғандардың бірі – Ғазиза Шолпанбаева. Ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында сабақ береді.
-Шынын айтайын, осы депозитті ашқанда үй алатыныма аса қатты сенбедім. Әуелі аз-мұздан салып тұрдық, кейін шоттағы сома көбейген сайын адамның қызығушылық артады екен әрі баспаналы болуға үміт пайда бола бастады. Бұған дейін жатақханада тұрдық. Жолдасым екеуміз бас-аяғы бес жылдың ішінде жиып-теріп, көптен күткен пәтерімізге ие болдық. Үй кең, қыста жылы. Ең бастысы, бағасының қолжетімділігі. Қалтаға ауыр салмақ салмайды, ай сайын 50 мың теңгеден. Пәтер жалдап, біреуге төлегеннен гөрі, өзіңе пайдалы дүниеге жұмсаған артық емес пе? Ауламыз да абаттандырылған, балалар ойнауға қолайлы. Жан-жағы қоршалғандықтан, еш алаңсыз сыртқа шығарамыз. Айына 40 мың теңге төлеп отырамыз. Бастысы, өз баспанамыз. Бір жетпей тұрғаны, қоғамдық көліктің бізге қарай жүрмей тұрғаны. Аялдама алыс, орталыққа қатынайтын автобус аз,-дейді жаңа қоныс иесі.Ғазиза ШолпанбаеваӨңірде тұрғын үй құрылысы келер жылы да қарқынды жалғаспақ. Ол үшін 2018 жылы тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылымды жүргізуге алдағы жылдың бюджетінен 15,7 млрд теңге бөлінетін болды. Оның 5,5 млрд теңгесі республикалық бюджет есебінен, 3,6 млрды жергілікті бюджеттен және 6,5 млрд теңгесі құнды қағаздар шығару есебінен қарастырылады.
Өйткені, «Әуежай» шағын ауданында әлі де үш арендалық үйдің және сегіз несиелік үйдің құрылысы жүріп жатыр. Салынып жатқан бұл үйлерді абаттандыруға және инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға 301,3 млн теңге бөлінбек. «Юбилейный» шағын ауданында арендалық тұрғын үй және 10 несиелік үй салу жоспарланып отыр. Аталған мөлтек аудандағы үйлерді абаттандыруға 3 883,7 млн теңге жұмсалмақшы. «Береке» шағын ауданында алты үйдің құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу және инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізуге арналған 10 жобалық-сметалық құжат әзірлеу жоспарланған. Қостанай ауданының «Северный» мөлтек ауданында бір арендалық және алты несиелік тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 473,2 млн теңге бөлінген.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓