Ардагерлер кеңесінде жаңа төраға
Бүгін «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының V пленумы болып өтті.
Пленум жұмысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен аумақтық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.
Облыстық ардагерлер кеңесін 11 жыл бойы өңірге танымал Кенжебек Үкіұлы Укин басқарып келді. Ол – жас қазақстандықтарға үлгі болып табылатын білікті, сауатты, жоғары кәсіби, нағыз патриот адам. Бүгін Үкин Кенжебек Үкіұлы денсаулығына байланысты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.
Осыған орай, пленум аясында қатысушылар ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне үміткер Ахметов Батырбек Мықансалықұлының кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді. Батырбек Мыңсалықұлы – жарты ғасырға жуық жұмыс тәжірибесі бар, өңіріміздің дамуына үлкен үлес қосқан білікті басшы. «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі, т.б. иегері.