Сәлемдемелер супермаркеті ашылды
Мұндай жоба алғаш рет ТМД-да жүзеге асырылған. "Қазпошта" АҚ облыстық филиалының қызметкерлерінің айтуынша, бұл супермаркет Қостанай қаласында тұңғыш рет ашылып отыр. Орналасқан жері – Абай даңғылындағы 16-ғимарат.

Бұл супермаркеттің артықшылығы мен қолайлылығы сол – сәлемдемелерді жолдау мен қабылдау процесін іске асыру уақытын мейлінше қысқартады. Ал компания үшін де өндірістік шығындар да кемиді.


