Байқау жеңімпаздары анықталды
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының екінші тур қорытындысы жарияланды. Байқау жеңімпаздарына өңір басшысы Архимед Мұхамбетов құрмет грамоталары мен ескерткіш сыйлықтар тапсырды.
-Бастауыш партия ұйымдары партиялық жобалар арқылы мемлекет саясатын сәтті жүзеге асырып келеді. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев міндеттеген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, оның жедел жүзеге асуына ықпал етіп отыр,-деді облыс әкімі.
Сонымен, байқаудың екінші сатасында Жангелдин ауданындағы «Қазақтелеком» бастауыш партия ұйымы жеңімпаз деп танылды. Оның құрамында 100-ге тарта мүше бар. «КЖЭК» кәсіпорыны мен «ССКӨБ» партия ұйымдары да осындай аталымға ие болды.
Бұл үш ұйым енді Астанада өтетін қорытынды байқауға қатысатын болады.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.