Аппарат басшысы дәріс өткізді

Жергілікті басқару, мемлекеттік қызметшілерді  даярлау және олардың  біліктілігін арттыру – атқарушы биліктің басты талабы. Осы және басқа да тақырыптар шеңберінде Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Арман Тарғынұлы Әбенов ауыл әкімдеріне арнап дәріс оқыды.IMG_1691
Облыстық Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында өткен дәріс сабағына облысқа қарасты 19 ауылдың әкімдері қатысты.Шараны ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының филиалы ұйымдастырды.IMG_1680
Өздеріңізге белгілі, жергілікті атқарушы билік екі корпус – саяси және әкімшілік қызметкерлеріболып бөлінеді. «А» корпусы – басқарушы әкімшілік қызметкерлер және «Б» корпусы – атқарушы әкімшілік қызметкерлер. Дәріске қатысушы ауыл әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың даму бағыттары және құру шарттарын қалыптастыру бойынша дәріс тыңдады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдар өкілеттілігін іске асыру тәртібі, село округтері әкімдерінің қызметіндегі бюджеттік қаржылар мен кіріс көздерін пайдаланудың мониторингі туралы мәлімет алды.IMG_1674
-Жергілікті мемлекеттік басқарудың тетіктерін ауыл әкімдері жақсы білуі тиіс. Кей кезде мемлекеттік басқару саласында кездесетін заңдарды білмей жатамыз. Ауыл әкімдерінің тәжірибесі мол. Мен сіздердің көбіңізді білемін. Дегенмен, мұндай дәрістер бәрімізге де қажет. Мен өз әдістемелерімде жергілікті оқу орындары оқытушыларының мәліметтерін пайдаландым. Оның сөкеттігі жоқ деп ойлаймын, – деді аппарат басшысы.IMG_1684
Сонымен қатар, Арман Тарғынұлы ауыл әкімдерін 23 жастан бастап сайлау туралы ұсыныс айтты. Оның сөзінше, қазіргі жастар заманауи тұрғыда ойлай алатын, креативті.IMG_1701
Дәріс барысында ауыл әкімдері блиц-сауалнамаларға қатысып, аппарат басшысының сұрақтарына жауап берді. Екі сағатқа созылған дәріс әкімдер үшін нағыз пікір алмасу алаңына айналды.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓