Кінәлілер сотталды
Федоров аудандық сотының үкімімен «Пешковский КХП» ЖШС өкілдері адам өліміне кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖШС өкілдері ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталды.
Іс материалдарында көрсетілгендей, серіктестіктің қауіпсіздік техникасы және ережесін сақтауға жауапты М. және Г. есімді азаматтар өз жұмыстарына салғырт қараған. Олар учаскелік алаңда жұмыс істейтін азаматша К.-ны элеватордың үстіңгі азық сүрлейтін қабатын тазалауға жіберген. Өзіне басқа міндет жүктеген ол шамамен 32 метр биіктіктен құлап, көз жұмды.
Осылайша, ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлері М. және Г. сот шешімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.