Тәртіпке шақырған қойылым

           Қостанайда алғаш рет жол қозғалысына арналған спектакль қойылды. Оны жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен орыс драма театрының әртістері дайындаған. Затобол кентіндегі Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназия, Қостанай қаласындағы М.Горький атындағы мектеп-гимназия оқушылары қойылымның алғашқы көрермендері болды. Комедия жанрына тән қойылым "Қиылыстағы детектив" деп аталады.Артист театра в роли полицейского объяснял школьникам, что означают жесты регулировки
Қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Елена Магасумованың айтуынша, спектакльді дайындаудағы негізгі мақсат – аймақтағы жолдарда балалардың абай болуын ескертіп, жол қозғалысы ережесін үйрету.
-Көбінесе жол ережесін толықтай білу балаларға оңай бола бермейді, сондықтан біз олар білуі тиіс негізгі тәртіптерді көрсететін қойылым дайындауды жөн таныдық. Спектакльдің баламалы нұсқасы қуыршақ театрында да көрсетілетін болады. Қойылым көрермендері тек облыс орталығының тұрғындары ғана болмайды, біз гастрольмен өзге де шалғай аудандарды аралауды жоспарлаудамыз, – дейді ол.Главный герой постановки мальчик Петя, которого сыграл Ашот ХАЧАТРЯН часто нарушает правила дорожного движения
Тәртіп сақшылары әртістермен бірігіп, тамыз айынан бастап қойылымның сценарийін құруға кірісіпті. Оқиға желісі бойынша, Ашот Хачатрян сомдаған басты кейіпкер Петя жолда жүру ережесін жиі бұзады, тіпті қиылыстағы бағдаршамды да сындырып тастайды. Кесірінен сол жерде көлік кептелісі пайда болып, оны өз ісін жақсы білетін реттеуші мәселені шешеді. Тәртіп сақшысы рөліндегі әртіс оқушыларға қолындағы таяқшаның не екенін түсіндіріп, мұндай келеңсіз жағдайда жолдың арғы бетіне қай кезде өту керектігін ұғындырды. Сондай-ақ, балалар актерлермен бірге негізгі жол белгілерімен танысты.  Вместе с актерами дети изучили основные дорожные знаки.
3-сынып оқушылары Бекзат пен Марис жол ережелерін жақсы білетіндіктерін байқатып, сұрақтарға өзгелерден гөрі жылдамырақ жауап беріп отырды.Третьеклассники Бекзат АУДАБЕРГЕНОВ и МАРИС ТУКСЕМБАЕВ многие правила дорожного движения уже знали и активнее всех отвечали на вопросы артистов.
-Біздің мектепте жолда жүру ережесін үйренуге арналған сыныптан тыс сабақ бар. Бүгінгі спектакльде көрсетілген жол тәртібін сол сабақта үйренген болсақ та, дәл осындай әдіс бізге ұнайды, – дейді оқушылар.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓