БЖЗҚ мен облыс әкімдігі әріптестікті нығайтады

мемор«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» мен Қостанай облысының әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында облыс халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейі, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері жан-жақты талқыланды. Белгілі болғандай, Қостанай облысының 512 мың тұрғыны экономикалық тұрғыда белсенді. 2017 жыл басынан бергі мәлімет бойынша, 505 адамның БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы шоты бар. Бүгінде осы шоттардағы қаражат көлемі 329,8 миллиард теңгеге жетті.
«Елімізде биылғы 9 айда 10 миллионнан астам жеке шот ашылған. Соның ішінде 9,8 миллион зейнетақы шотында 7,5 триллион теңге қаражат жинақталды. Қазіргі уақытта еліміздің экономикасын дамыту бағытында зейнетақы қорының стратегиялық ықпалы күшеюде. Сондықтан зейнетақы қорының басқару жүйесіне қатысты салымшылар тарапынан жиі сауал туындайды. Сол себепті де сіздердің өңірлеріңізге келіп отырмыз», – деді «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ басқарма төрағасы орынбасары Сәуле Егеубаева.
Оның сөзіне сүйенсек, Қостанай облысы салымшыларының зейнетақы қорындағы қаражаттың орташа көрсеткіші 671 мың теңгені құрайды. Облыстағы 294 мекеме-кәсіпорын өз қызметкерлеріне міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын аударып отырады.
Кездесу қорытындысында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ мен облыс әкімдігі арасындағы өзара іс-қимыл жөнінде ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
«Зейнетақы жүйесін жаңғырту барысы жөнінде тұрғындарға жүйелі түсіндіру қажет. Әсіресе, әйелдердің зейнет жасының ұлғаюына байланысты сауалдар көп. Еліміздегі зейнетақы қорының ахуалы жөнінде ашық баяндадыңыздар. Бұл бағытта әкімдіктарапынан тұрғындарға түсінік жұмыстарын белсенді түрде жүргіземіз», – деді облыс әкімінің орынбасары  Марат Жүндібаев.
Бүгінге дейін БЖЗҚ өкілдерімен еліміздің он екі аймағында меморандум жасақталған. Айта кетейік, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2013 жылы құрылған. 2016 жылдан бастап зейнетақы активтерін басқаруды жетілдіру жөнінде ұсынымдар жасау құзіреті Президент басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓