Нан-наша

Облыстық қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, түрмеде отырған танысына тыйым салынған затты жасырын түрде өткізбе болған азамат тұтылды.нан нашаБұл дерек түзету мекемелерінің бірінде "сәлемдемелерді" тексеру барысында анықталды. Оны 34 жастағы ер адам 47 жастағы жазасын өтеушіге арнап әкелген.
"Азық-түліктер мен киім -кешектерді жіті тексеру барысында тоқаштың ішінен 4 целлофанды орама ішінен ұнтақ тәріздес ақшыл сары белгісіз зат табылды. Сот-химиялық сараптаманың нәтижесі көрсеткендей, бұл есірткілік зат болып шықты. Бұл – салмағы 0,64 грамм героин, – деді баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді, процессуалды әрекеттер жүргізілуде. 
Жыл басынан бері осындай 18  дерек тіркелген. Атап айтқанда, оның 4 дерегі есірткіге қатысты, 3 рет спирттік ішімдік өткізбек болғандар ұсталды, 10 жағдайда ақша, 1 рет ұялы телефон бергісі келгендердің жолы кесілген. Барлығы 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓