Кейкіге жоқтау арнаған (ҮНТАСПА)
Құрметті оқырман, бүгін назарларыңызға Кейкі батырға арналған аманат жоқтау ұсынамыз. Оны кезінде құлан Әлібеков Ашықбайдың зайыбы Күлмаш Нұржақыпқызы Олжабаева (Әлібекова) шығарған. Алғаш рет 1995 жылы Амангелді ауданының Амантоғай ауылында бірінші рет Кейкі батырға ас берілгенде осы жоқтауын айтқан екен. Ол өзі 1928 жылы облысқа қарасты Қазақстан ауылында дүниеге келген, руы – алтыбас.
Бұл деректерді бізге немересі Абай Жүсіпов жолдады.
Күлмаш Нұржақыпқызының көзі тірі кезінде 1998 жылы "Шалқар" радиосына берген сұхбатын да сіздермен бөлісудің реті келіп отыр. Тыңдай отырсаңыздар, құймақұлақ әжей Кейкі батыр жайында көптеген құнды деректер айтады. Сондай-ақ, өзі шығарған жоқтауын әуенімен орындап берген.
Әжей қандай иманжанды кісі.Бойында дарыны бар кісі.Ақылды кісі.Қазына адам.