Ушудан тұңғыш турнир өтті

25-26 қарашада Қостанай қаласында алғаш рет Ушу жекпе-жегінің "Саньда" бөлігінен республикалық турнир өтті. Бұл жарыс ҚР тұңғыш президенті құрметіне орайластырылды.ушу
18-21 жас аралығындағы алпыстан астам спортшы Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау және Қарағанды қалаларынан келді. Шеберлік сынға түскен бәсекеде қостанайлықтар олжасыз қалмады.
90 келі салмақ дәрежесінде Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ академиясының курсанты Тұрсынбек Бақдәулет турнир чемпионы атанды. Сондай-ақ, осы академияның курсанттары – Арсылан Еркінұлы, Нұрлыбек Кенжебек және Темірлан Жүкенов күмістен алқа тағынды. Тағы жеті спортшымыз қоржынға қола жүлде салды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓