McDonald’s мейрамханасы ашылды

Бүгін Қостанай қаласында қоғамдық тамақтану саласына бағытталған маңызды нысан McDonald's (Макдональдс) мейрамханасы ашылды. Салтанатты іс-шараға облыстың алғашқы басшыларының бірі, құрметті ардагер Кенжебек Укин және жерлесіміз, белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалиев құрметті қонақ ретінде қатысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен жобаның инвесторы, Тобыл-Торғай өңірінің тумасы Қайрат Боранбаев жібек лентаны қиып, мейрамхананы ресми түрде іске қосты. 

qR0zecvhX7k222
Аталған мейрамхана қаланың орталығында, МАРТ ойын-сауық, сауда орталығының артында орналасқан. Әлемдік деңгейдегі жылдам қызмет көрсету саласының үздігі саналатын McDonald's мейрамханасы Қазақстан бойынша Алматы мен Астанадан кейінгі үшінші өңір Қостанайда ашылып отыр. Қоғамдық тамақтану орнының қасында арнайы автотұрақ бар. Жаңа жоба жүзге жуық адамды жұмыспен қамтитын болады. Мейрамхананың сыртында 72 орын, ал ішінде 86 орын бар. Нысан мыңдаған қала тұрғынына қызмет көрсетуге дайын. Бағасы қолжетімді. 333

Жаңа әлеуметтік нысан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ашылып отыр. Қала тұрғындары таңертеңгі 9:00-ден бастап мейрамхананың алдына жиналды. Келушілерге ыстық шай таратылып, көңілді ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Ресми ашылуында облыс әкімі Архимед Бегежанұлы сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығана тоқталды. Белгілі меценат Қайрат Боранбайұлының белсенді бастамасына алғысын білдірді. 
-Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың 11-сәуірінде өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Сол мақала аясында «Туған жер» жобасын іске асыру туралы кәсіпкерлерге, меценаттарға Үндеу тастады. Бүгінде облысымызда, облысымыздың түкпір-түкпірінде жергілікті кәсіпкерлер Елбасының Үндеуін қолдап, әлеуметтік нысандарды іске қосуда. Ауылдарын, көшелерін ретке келтіріп, абаттандырып жатыр. Жаңа нысандарға қаржыларын салып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Жалпы, облысымызда құны 3 миллиард теңгеден асатын 150 жоба жүзеге аспақ. Жерлесіміз, еліміздегі газ, спорт салаларын дамытуға үлес қосып жүрген Қайрат Боранбаев ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Қайрат Боранбаев осыдан он жылдай бұрын Арқалық қаласында бес жобаны іске қосты. Міне ендігі бір маңызды нысан Макдональдс мейрамханасы көпшіліктің игілігіне беріліп отыр. Барлық атқарушы билік, Тобыл-Торғай халқының атынан Қайрат Боранбаевқа шексіз алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер,-деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

U692EbBs7qQ

1111
Меценат Қайрат Боранбаев Арқалық қаласында ашқан нысандардың бірі – «Қайрат» спорт кешені. Бүгінде сол спорт кешенінде мыңдаған бала күн сайын спортпен шұғылданады. Шағын қалада орналасқан мешіт, «Раушан» балабақшасы, тақты актер, жерлесіміз Әнуар Боранбаев атындағы кинотеатр Қайрат Боранбаевтың бастамасымен іске қосылған еді. Қостанай қаласындағы құны 1 миллирд теңге болатын Fitnation (Фитнейшн) фитнес-клубын да аталған меценат іске қосты. Фитнес-клубтың ішінде бокспен шұғылдануға арналған арнайы зал бар. 

Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓