“Рухани жаңғырудың” тұжырымдамалық негіздері

Облыс орталығында “Экономика мен қоғамның жаңғыртылуы үрдісіндегі “Рухани жаңғырудың” тұжырымдамалық негіздері” тақырыбында өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өтіп жатқан конференцияға өңірдегі бірнеше жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, аспиранттар мен магистранттар, өзге де қоғам мүшелері қатысты.IMG_4806
           
IMG_4750
IMG_4765
IMG_4772Конференцияға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы, прфессор Мұрат Шалекенов сынды спикерлер арнайы шақыртумен келіп, баяндама жасады. Конференцияны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бибігүл Аққожина алғысөзбен ашып, басқосудың маңыздылығына тоқталды.IMG_4801
 
IMG_4906
           
IMG_4825“Салт-дәстүр “Рухани жаңғыру” бағдарламасы мәтініндегі ұлттың рухани жандануының факторы ретінде” тақырыбында сөз сөйлеген Зиябек Қабылдинов келешек ұрпаққа тәрбие беруде қазақ халқының көнеден келе жатқан қағидатын ұстану қажет деген ойын білдірді.IMG_4840 –Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – Елбасы мақаласы төңірегінде ой өрбіту. Бұл мақаланың маңызы өте жоғары. Бағдарлама нақты алты бағытта айқындалған, енді сол жолмен жұмыс істеуіміз керек. Елбасы туған жер, ұлттық код, салт-дәстүр жайында жақсы ойлар айтты. Соның ішінде мен қазақ халқының салт-дәсүрін қайта жаңғыртып, жастардың бойына сіңіруі жөнінде айта кеткім келеді. Ертеден қалыптасқан жақсы қасиеттерімізді кейінгі ұрпаққа түсіндіріп, оны іске асыру керек. Оның бірден-бір жолы – осы мақаланы, Елбасы ойларын мектеп оқулықтарына енгізу. Тағы бір жаңалық, Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің келісімімен, қостанайлық тарихшылар мен біздің Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты бірігіп, Қазақстан тарихын ежелден бүгінге дейінгі кезеңді қамтитын үш томдық ғылыми еңбек жазбақпыз. Жастарға пайдасы мол болады деп ойлаймын, – дейді Зиябек Қабылдинов.IMG_4879
           
IMG_4792Облыстық ішкі саясат басқармасы мен “Қостанай аймағының зиялы азаматтар қоғамы” ҚҚ ұйымдастырған шараның соңы пікір алмасып, қорытынды ой шығарумен аяқталды.
 
Айтолқын Айқадамова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓