Өндірістік желі іске қосылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында Қостанай автомобиль зауытында «Chevrolet» маркасының жаңа модельдерінің Қазақстан-Өзбекстан бірлескен автоқұрастыру желісінің ашылу салтанатына қатысты.01-4

Телекөпір аясында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС және «UzAuto Motors» АҚ бірлескен жобасын ресми түрде іске қосты. Жаңа өндірістік желіде осы жылдың соңына дейін 1 мыңнан астам жоғары өнімді жұмыс орны құрылатын болады, бұл қызмет көрсету мен өндіріс секторлары арасындағы жұмыс күші ағынының өсуі тұрғысынан ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда зауыт толық жүктемемен үш ауысымда жұмыс істейді.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Миромонович Мирзиеев екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығаруға негіз салды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Өзбекстанмен өзара тиімді серіктестікті нығайту мен дамытуға ерекше көңіл бөледі», — деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрі үшінші елдерден тауарлар мен қызметтердің импортына тәуелділікті төмендету мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның өндірістік процестерін интеграциялаудың өзектілігі артып келе жатқанын атап өтті.

Жаңа өндірістік желіде «Chevrolet» маркалы автомобилінің – Damas, Labo, Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Onix, Spark және т. б. бірнеше модельдері құрастырылатын болады. «Chevrolet Damas» автобусы мен «Chevrolet Labo» жүк машинасының қолжетімді түпкілікті құны шамамен 3 млн теңгені құрайды, бұл олардың сауда, логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы шағын және орта бизнес үшін тартымдылығын арттырады.

Автомобиль жасау — ҚР экономикасының қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Биыл автоөнеркәсіп өнімінің жалпы көлемін жылына 100 мың автомобильге дейін, саланы жергіліктендірудің орташа деңгейін 50%-ға дейін, ал коммерциялық техника мен автобустар бойынша 60-65%-ға дейін жеткізу көзделген.05-3

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓