Кезек көбейді, үй салынуда

Жоғарыда ескерілген қаражатпен екі жүз ғана пәтер тұтынушыларға беріледі. Облыс әкімі Нұралы Садуақасов белгіленген жоспардың бір жарым пайызы орындалатынын тілге тиек етті. Яғни, кезекке тіркелгендердің мұқтажы толық орындалмайды. Үкіметтен ақша көлемін екі миллиардқа дейін өсірілуін сұрады. Десек те республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге мүмкіндік болмай тұрғаны белгілі болды.
Егерде, қаражат екі миллиардқа дейін жеткізілсе, онда құрылыс жоспарын екі есе ұлғайтуға жол ашылады. Министр келер жылға және алдағы үш жылға бөлінетін қаражат мәселесі талқыланып жатқанына сендірді.

Айта кету керек, шағын ауданның болашағы үлкен. Үш жүз орындық бала бақша салынады. Бір мың орындық мектеп есігін айқара ашпақ. Сауда үйі жұмыс істейді. 2017 жылы шағын аудандағы құрылыс жоспары толық орындалады.
Қол байлайтын кедергілер кездеспей тұрмайды. Соларды уақытылы реттеуге назар аударылады. Бұрын құрылысқа тендер жариялау қиын-тын. Пәтердің шаршы метріне тиісті баға туралы қаулысы қолға тигенше уақыт өтетін. Енді бұл тәсілге ешкім қарамайды. Бюджет ақшасы қолға тиісімен құрылысшылар іске кіріседі.
Суреттерде: бой көтеріп келе жат-қан тұрғын үйлер.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.