Қоғамдық қабылдау онлайн режимінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2020 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде табиғи монополиялар субъектілері, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының филиалы, жергілікті атқарушы органдар және БАҚ қатысуымен коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын онлайн режимінде өткізуді жоспарлап отыр.
Тұтынушыларды қабылдау онлайн режимде 2020 жылғы 1 қыркүйек күні сағат 15:00-де FACEBOOK желісінде Департамент басшысы Ақан Амантайұлы Ташпановтың ресми парақшасында, https://www.facebook.com/profile.php?id=100037882178887&tn-str=*F сілтемесі бойынша өтеді.
Желі тұтынушыларының қоғамдық қабылдауына жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы немесе FACEBOOK желісінде Департамент басшысы Ақан Ташпановтың есімін іздеу батырмасына енгізу арқылы қатысуға болады.
Осыған байланысты, Департамент Қостанай облысының тұрғындарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қабылдауға қатысуға шақырады.
Әрбір адам онлайн режимде көкейтесті сұрақтарына жауап ала алады.
Анықтама телефоны: 8 (7142) 53-52-40