Сәнді қала – қостанай

IMG_7485Айтса, айтқандай, Қостанай – әсем қала. Әсемдігінде сұлу құрылыстар жарасымын
тауып тұрғаны өзінен өзі белгілі. Сол жарасымдылықты әрлендіретін гүлдер қандай тамаша! Қаланың қай тұсына бара қалсаңыз да ақ гүлдер, сары гүлдер,тіпті  қызыл, көк түсті гүлдердің өсіп тұрғанын байқайсыз.
Гүлдер демекші, сол гүлдер қалай орналастырылған? Гүл өсірушілер керемет шығармашылық ізденіс танытады. Қар ерісімен  гүлзарларды  шөптен тазартады.Топырағын қопсытып, баптайды. Сосын қай гүлді қалай отырғызу керектігін топшылайды.
Біле білген адамға соның себебі бар екені түсінікті. Гүлзарлар көзге жылылығымен көрінуге тиісті. Соны мақсат еткендер жыл сайын түрлі нақыштар мен өрнектердің үлгісін жасайды.
Қаланың батыс тұсынан шыға беріс тұсы ерекше көрікті. Тас жолдың үстіне салынған көпірдің маңы жайнап тұр. Жолдың биік қапталдарына гүлдер егілген. Бұлар жай гүлдер емес. Жүрекке нұрлы сәулесін құятын ою-өрнектермен бейнеленген.
IMG_7499Сол гүлдерді күтушілер жолдың биік тұсында тұрып суарады.
Гүлдердің түрі мен саны жылма жыл көбеюде.
Гүлмен әрлендіру жұмыстарымен "Тазалық – 2012" және "Қанар-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысуда. Олар қала ішіндегі гүлзарларда ғана емес, қаланы айнала қоршаған айналма жол жиектеріне де гүлдер түқымын себеді.
Айналма жолға да тиісінше гүлдер отырғызылған. Мұндағы түймедақ гүлі көздің жауын алады. Қоршалған сақина тәріздес жолды жетпіс мың гүл құлпыртып тұр.
Қала көркі тек гүлдермен көмкерілмесе керек. Түрлі жануарлар мен аңдардың бейнесі де гүлдермен өрілген. Бұлар  жылқының, зерафтың, тағы да басқа аңдардың бейнелері.
СУРЕТТЕРДЕ: гүлден жасалған түрлі бейнелер.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓