Тойота трактормен соқтығысты

«Қостанай-Әулиекөл» тас жолында «Tойота» көлігі қарсы келе жатқан трактормен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. дтпОқиға 19 қараша күні сағат 20:00 шамасында болды. Мұны куәгерлер WhatsApp желісі арқылы таратты.
«67 жастағы Қарасу ауданының тұрғыны «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлікпен келе жатып, «МТЗ-80» тракторымен соқтығысты. Трактор рөлінде 49 жастағы әулиекөлдік азамат отырған. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓