«Мен – құтқарушымын»

Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органының құрылуы күнін мерекелеуге орай, сонымен қатар өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, құтқарушы мамандығына құрметпен қарауға ұйыту мақсатында Қостанай облысының ТЖД облыстың жалпы білім беру мектептерінің арасында дәстүрлі сурет салу және эссе жазу байқауын өткізді. куткарушыСайыстың барлық қатысушылары берілген тақырыпқа шын ықыласпен кірісті. Әр үміткердің ойы анық көрінді, олардың құтқарушы мамандығы жөнінде не ойлайтыны және төтенше жағдайға қалған әр адамның өмірі үшін күресетін адамның орнында өзін қалай елестететіні байқалды. Орындалған әр жұмыс осы күндегі құтқарушылардың ерліктерін, осы мамандықтың қажет екендігін, оның игілікті мәртебесін бейнелейді.куткар
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, үздіктерге мадақтау қағаздары мен құнды сыйлықтар табысталды. Сынға түскен барлық жұмыс ескерусіз қалмады.
 
Қостанай облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓