Қолжетімді баспана, ҰБТ және басқалары

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Н.Садуақасовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде екі мәселе талқыланып, тыңдалды, бірі – "Қолжетімді баспана – 2020" бағдарламасының жүзеге асырылуы болса, екіншісі – үстіміздегі жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу.
IMG_7223-520x245
Бірінші мәселе бойынша облыс әкі-мінің бірінші орынбасары Е.Аман баяндама жасады. Оның айтуы бойынша, бүгінгі таңда облысымызда тұрғын үйлерді пайдалануға беру мәселесі тұрақты қалыпта екен. Үстіміздегі жылғы жоспар бойынша барлық қаржыландыру дерек көздері аясында 233 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілмек, соның ішінде шамамен 50 мың ш.м. бюджет есебінен, 183 мың ш.м. басқа коммерциялық және жеке құрылыс есебінен болады. Ал, енді бес айдың қорытындысына келсек, барлық қаржыландыру дерек көздері бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй – 85,5 мың ш.м, бұл дегеніңіз жылдық жоспардың 37 пайызы. Соның ішінде атап кетсек, Қостанай, Рудный және Қостанай аудандарында біршама ілгерлеу бар. Облысымыздың он өңірі тұрғын үй құрылысы бойынша облыс көрсеткішінен жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға беру жағынан өткен жылғы көрсеткіштерге Қамысты, Қарасу, Сарыкөл аудандары жеткен жоқ. Үстіміздегі жылғы "Қолжетімді баспана – 2020" бағдарламасы аясында облысымыздың аудандары мен қалаларында тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша 5,0 млрд. теңге қаржы игерілмек. Бес айдың қорытындысында бағдарлама бойынша қаржыны игеру – 27 пайыз, өткен жылы болса – 33 пайыз болатын. Енді, жалға берілетін тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға арналған тұрғын үй құрылысына келер болсақ, үстіміздегі жылы Қарабалық ауданында әзірге бір алпыс пәтерлі тұрғын үй берілді, жалпы көлемі – 3,3 мың ш.м. Жыл аяғына дейін Қостанай мен Рудный қалаларында тағы да үш тұрғын үй, яғни, 272 пәтер пайдалануға беріледі. Сол секілді Қостанай қаласы мен Қостанай ауданында үш тұрғын үйдің, Заречный селосының "Северный" шағын ауданында тұрғын үйдің жобасын жобалаудың құрылысы басталады. Жоғарыда айтып кеткен 272 пәтер – кезекте тұрғандардың 1,5 пайызын қамтиды. Облыс бойынша мәліметке жүгінсек, 19666 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Қостанай қаласында "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі "АҚ жүйесі бойынша №3 орта мектеп маңында үш блок-секциялы тұрғын үйдің құрылысы басталды, жыл аяғына дейін солардың екеуі пайдалануға беріледі. Сол секілді Қостанай қаласында несиеге берілетін үш тұрғын үй жобалануда. Жас отба-сыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы да басталып отыр, бұл тұрғын үйлер аэропорт маңайында болмақ, нәтижесінде 177 жас отбасы өзінің жағдайын жақсартады. Коммер-циялық тұрғын үйлердің құрылысы да жүзеге асырылатын болады. Облыс бойынша барлығымызды әбі-герге түсірген Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды, ал, республика бойынша оның қорытындысы 15 маусымға дейін со-зылады. Облыстық білім басқармасының жетекшісі Ә.Төртқараеваның айтуынша, үстіміздегі жылғы ҰБТ-ға 11 сыныпты бітірген 4545 оқушының 2728-і қатысқан. ҰБТ мәліметтеріне жүгінер болсақ, аппе-ляциялық комиссияның және республи-калық көрсеткіштердің қорытындысын есептемегенде, Қостанай облысында мектеп бітіруші түлектердің орташа бал-лы-79,94 болды. Ал, үздіктер қатарында оқушылардың орташа баллы бойынша ең алдымен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты-110,8, одан кейін қазақ-түрік лицейі-101,69, "Озат"-99,03 балл. Ал, Қостанай қаласындағы М.Горький атындағы гимназияның түлегі Ә.Кускула-кова –123 балл алды. Жалпы, аудандар арасында өткен жылға қарағанда Әулиекөл, Жанкелдин, Қарасу аудан-дары түлектерінің ҰБТ көрсеткіштері біршама жоғары. Десекте, өткен жылға қарағанда биыл Меңдіқара, Қостанай, Науырзым аудандарының көрсеткіштері төмен. Ұлттық бірыңғай тестілеудің басты көрсеткіші -білім сапасы индикаторы. Өткен жылдың білім сапасы индикаторы -32,69 пайыз болса, үстіміздегі жылы бұл-41,02 пайызды құрап отыр. Солардың ішінде Ы.Алтынсарин атындағы дарын-ды балаларға арналған мектеп-интерна-тының мектеп бітіруші түлектерінің алған білім сапасы жыл сайын тұрақты деп ай-туға болады. Сапа көрсеткіші-100 пайыз. Көрсеткіштеріміз жақсы деп айтқанымыз-бен облыс көрсеткішінен төмен аудан-дар да бар, олардың қатарында Ұзынкөл, Аманкелді ауданы. Үстіміздегі жылғы "Алтын белгіден" үміткер-113 мектеп түлегінің 48 ғана өз білімдерін дәлелдеді. 12 оқушы ерекше белгідегі аттестат алады. Ал, халықара-лық олимпиада мен ғылыми жобалардың жеңімпазы атанған облысымыздың елу оқушысы ҚР Білім және ғылым министр-лігінің арнайы бұйрығы бойынша ҰБТ босатылды. Сол секілді ҰБТ-да "2"баға-сын алғандардың саны-86. Облыс әкімі баяндамаларды тыңдай келе, ең алдымен "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында пайда-лануға берілетін тұрғын үйлердің құры-лысына бақылауды күшейткен жөн, тек биыл ғана берілетін тұрғын үйлердің құрылысы емес, тұрғын үй құрылысы жүргізілер жаңа алаңдарды ұзақ мерзімге жоспарлай білу қажеттігін атап кетті. Және де жоба-сметалық құжаттардың даяр-лануына көп мән беруіміз керек, ол дер кезінде даярланатын болса, қаржы да оңтайлы шешіледі. Ал, ҰБТ қоры-тындысына келер болсақ, облыс әкімі барлық көрсеткіштер мен нәтиже-лерге мониторинг жасай отырып, жүйелі кем-шіліктеріміз бен жетістіктерімізді са-раптағанымыз жөн деді. Содан кейін өткен облыс әкімі облыстың саяси-эконо-микалық әлеуметік даму көрсеткіштеріне тоқталды.
Гүлназым Сағитова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓