Көрме төрінде – қостанайлық өнерпаздар

Астаналықтар мен елорда қонақтарының назарына белгілі қазақстандық әншілер мен музыканттар, Қостанай облысының дарынды тумалары – Анар Мұздаханова, Роза Нұркей, Шахаризат Сейдахмет және Нұрболат Арзамасұлының қатысуымен өтетін Гала-концерт ұсынылады.
Концерттік бағдарлама аясында Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ және орыс халық аспаптары оркестрлерінің, джаз оркестрлерінің, әншілерінің өнері паш етіледі. Өнерпаздар қостанайлық, қазақстандық және әлемдік авторлардың музыкалық шығармаларынан тарту жасайды.