Баға бақылауда болады
Азық-түлік бағасы биліктің бақылауында болады. Әкімдікте өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өткен жиында осы мәселе жан-жақты қаралды. Бұл туралы "Qostanai'" телеарнасы хабарлайды.Облыста бағаны тұрақтандырудың кешенді жоспары әзірленді. Қазіргі күні ет пен көкөністің құны көтерілгені байқалады.
Бүгінде қоймада 2 мың тонна картоп, 200 тонна сиыр еті мен 100 тонна өсімдік майы бар. 300 тоннаға жуық сүт өнімдері де артығымен жетеді. Барлығы 2970 тонна өнім алынған. Азық түлік бағасын реттеп тұру үшін Қостанайда тұрақтандыру қоры бар. Осы қордағы тауар түрі азая бастаса, баға сол сәтте өседі. Сол үшін тұрақтандыру қорындағы жағдай әрдайым облыс әкімінің назарында болмақ.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тұрақтандыру қорындағы тауарын түгендеп, одан қалса, жәрмеңке өткізіп бағаның өсуін тежеп отыруға тапсырма алды. Облыс орталығында сол сияқты агрокешендік парк құрылысын қолға алу жоспарланып отыр. Бұл, өз кезегінде, делдалсыз, тауар өндірушілердің өз өнімдерін нарыққа тікелей шығаруына ықпал етпек.