Нұрсұлтан Назарбаев «Әуежай» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты
Елбасы «Әуежай» жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.
Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне «Нұрлы жер» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.
Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда, соның қатарында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.