Көшелері тақтайдай!
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында Денисов ауданында бес жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 312,6 млн теңге бөлді. Қаражаттың жартысына жуығы аудандағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі ғимаратын күрделі жөндеуге жұмсалды.
Денисов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ғимараттың шатыры жаңартылып, жылыту, кәріз, су және электрмен жабдықтау, желдету жүйелері жөнделген. Сондай-ақ, терезе блоктары ауыстырылды. Қазіргі уақытта, құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысуда.
Мемлекеттік бағдарлама аясында Некрасов, Аят және Алчанов ауылдарында көшелерге орташа жөндеу жүргізілуде. Жол жұмыстарына 179,6 млн теңге бөлінді. Асфальт төселіп болды, енді жол белгілерін орнаты, жол жиектерін нығайту ғана қалды дейді әкімдік қызметкерлері.