Ат сүйреп кетіп, қаза болды

Қайғылы оқиға Қарабалық ауданының Котлаванное ауылында болды. 58 жастағы әйелді өзінің мініс аты сүйреп кетіп, салдарынан ол қаза тапты. атМарқұм ауыл шетінде жайылып жүрген жануарды алып келуге барады. Ол шылбырдың бір шетін беліне байлап үйіне қайтып келе жатқанда ат оқыс үркіп, айдалаға қашқан. Келесі күні мойнынан жараланған жылқы үйге оралады. Ал хабарсыз кеткен әйелді қызы мен күйеу баласы өз еріктерімен іздеуге шығып, үйде қалған кейуана полицейлерге қоңырау шалады. Бірнеше сағаттан соң тәртіп сақшылары марқұмның денесін тауып алған. Медициналық сараптама нәтижесі көрсеткендей, әйел жабық бассүйек-ми жарақатынан және миға қан құйылу салдарынан қаза тапқан. Денесінде оны аттың жермен сүйреткенінен хабар беретін көптеген жарақат болған.   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓