Мамонттың азу тісі табылды (БЕЙНЕ)

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында ежелгі заманда тіршілік еткен жануардың азу тісі табылды. Бұл артефакт Жанкелдин ауданына қарасты Аққора қыстағынан табылды. тісЖергілікті шаруа Мұрат Салмұратов мұны ауыл іргесіндегі қыраттан тауып алғанын айтады.
«Басында мамонттың тісі екенін білген жоқпын. Дегенмен, ғаламтордағы суреттермен салыстырсам, дәлме-дәл келіп тұр. Жақында орталық музейге тапсырамын», – деді Мұрат Салмұратов.
Азу тістің ұзындығы – 16 см. Музей қызметкерлерінің айтуынша, мұндай мамонт қалдығы аймағымыздың бағзы дәуірдегі фаунасынан сыр шертетін экспозициялар қатарынан өз орнын табады. Бірақ оған дейін ол әуелі барлық ережелерге сәйкес қоймаға рәсімделіп, жарық пен оттегі әсерінен бүлінбес үшін арнайы химиялық құрамдармен өңделуі керек.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓