5 келі есірткі тәркіленді
Жыл басынан бері облыс полицейлері 35 есірткі қылмысын ашты, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 5 келіге жетті.

Арқалық қаласына жақын жерде Үштөбе селосында 28 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен полицейлер екі орамдағы есірткі затын тапты.
Рудный қаласында 33 жастағы рудныйлықтың үйін тінткен полицейлер 2 грамм героин тәркіледі. Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
ОІІД баспасөз қызметінің материалдары бойынша әзірлеген
М.Қабдрахметова.