МЕДЕТ ДОСЫМХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Таран ауданында полиция аға лейтенанты Медет Досымхановты еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі облыстық турнир өтті. Жарысқа Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары мен Таран, Әулиекөл, Қостанай аудандарынан келген ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты. Медет Бауыржанұлы өз жұмысын адал атқарып, замандастарына үлгі болған жан. Таран ауданындағы криминалды полиция бөлімінің қызметкері болған. 2009 жылы құқықбұзушылықтың жолын кесу кезінде қаза тапқан.турнир
Турнирдың ашылу салтанатында Медеттің әкесі Бауыржан Досымханов сөз сөйлеп, ұлының игі қасиеттерін сөз етті. Одан кейін Медеттің туысқандары мен бірқатар қонақтар марқұмның есімі жазылған ескерткіш мемориалына гүл шоқтарын қойды. Бірнеше сағатқа созылған жарысқа қатысушылар қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс нәтижесінде Қостанай аудандық ІІБ-нің командасы шеберліктерінің арқасында қарсыластарын тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді. Лисаков қаласы мен Рудныйдың полицейлері де үздіктер қатарынан көрінді. Жарыс соңында түрлі номинациялар да өз иелерін тапты. Мәселен, «Үздік шабуылдаушы» номинациясы Марат Исергеповқа, ал «Үздік қақпашы» номинациясы Петр Штейнкеге тапсырылды. Олег Таженов «Үздік қорғаушы» номинациясын иемденді. Облыстық турнирдің жабылу рәсімінде барлық командалар алғыс хаттармен және құнды сыйлықтармен мадақталды. Медет Досымхановтың туғандары өз алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға естелік сыйлықтарын табыс етті.
 
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓