Мал басын көбейтуді мықтап қолға алды
Сарыкөл ауданы Маяк ауылдық округінің тұрғыны Элмира Есенова болашақта мал басын көбейтіп, өз кәсібін кеңейте түспек. Қарқынды іске қазірден кіріскен ол ағашқы қадамын сәтті бастады.

-Осының бәрі мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтың арқасы. Кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы жүзеге асырылып жатқан «Жұмыспен қамту-2020» сынды бағдарламалардың болғаны біздерге өте қолайлы әрі кәсіппен шұғылданам деушілерге мол мүмкіндік. Өзім секілді ауылдың қарапайым тұрғындарына айтарым, тамаша бағдарламадан бас тартпай, нартәуекел етіп, өз кәсіптерін кеңейте берсін. Ауылдың әр азаматы еңбек ете отырып ,елдің экономикасына өз үлесін қосса, одан артық не керек? – дейді Элмирадай кәсіпкер.
Мінеки, мемлекеттік бағдарламамен бағын сынып, кәсібін кеңейтемін деп талпынған Элмира Есеновадай еңбекқор жандар көп бола берсін дейміз!
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы