5-қабаттан құлап, мерт болды
Қайғылы оқиға 26 қазан күні Қостанай қаласында болды. Бұл деректі облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады. 41 жастағы ер адам 5 шағын аудандағы үйдің 5-қабатынан құлап кеткен. Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімше меңгерушісі Марал Әбілқасымовтың сөзінше, зардап шегуші күндіз емдеу орнына жеткізілген.
"Оның жарақаты өте ауыр болды. Бас миына зақым келген, жабық бассүйек-мидың жарақатын алған және көп қабырғалары сынған. Ол ауруханада көз жұмды", – деді Марал Әбілқасымов.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.