Ұры ұзамай қолға түсті
Полиция ұрланған автокөлікті 20 минут ішінде иесіне қайтарып берді.7 маусымда таңғы сағат 04.00 шамасында Қостанай қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны Данат Біржанов хабарласып, осыдан 10 минут бұрын белгісіз біреулер Алтынсарин көшесінде оның "ВАЗ 2110" маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін айтты.
Полицияның кешенді күштерінің жасағы бірден жұмылдырылып, "Ұстау" жоспарына кірісті.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аға лейтенант Диас Сағындық пен кіші сержант Мадияр Ғалымов зардап шегушімен бірге көшелер мен аулаларды тінтіді. 20 минут ішінде олар ұрланған автокөлікті қаланың басқа бөлігінен тапты.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікте болған екі күдіктіні ұстады. Олар көліктің қосалқы бөлшектерін шешіп алуға тырысқан.
Жәбірленуші полицейлерге алғыс хат жазып, олардың кәсібилігі мен жеделдігін атап өтті.