Жас патриоттар слеті
Жас өркендердің дәстүрлі басқосуы балалар шығармашылығы орталығында өтті. Мұнда оқушылар патриоттық тақырыптағы суреттер, өлеңдер, хореографиялық нөмірлер байқауында сынға түсті.
Слетке Қостанай облысының орта мектептерінің оқушылары мен оқытушылары – барлығы 500-ге жуық адам қатысты. Слет екі кезеңде өтті: «Үздік сурет» және патриоттық тақырыптағы оқулар.
Жиынға қатысушылар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев сөз сөйледі. Осындай іс-шаралар жасөспірімдерде патриоттық сезімді қалыптастыратынын айтты.
Слет соңында Ерлан Салықбаев ең белсенді қатысушыларға медальдар және Рудный қаласының №7 мектебіне «Адал ұрпақ» патриоттық клубының арнайы сыйлығын табыстады.