Ұзынкөлде – жаңа әкім

Ұзынкөл ауданының әкімі ауысты. Ауданды күні бүгінгіге дейін басқарған Қанат Сәрсенбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Ал, ауданға Арқалық қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Әбішев келді.9-9W6PNCLj0Ол Әулиекөл ауданына қарасты Тимофеевка ауылында дүниеге келген. Қостанай ауылшаруашылық институтында агроном мамандығын аяқтап, Алматы экономика және статистика академиясында экономика және бизнес саласы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Наурызым ауданындағы «Қара-Кұрай» бригадасының агрономы ретінде бастады, сонымен қатар, Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓