Судьялар тағайындалды

Қостанай облыстық сотында ҚР Президентінің 20 қазандағы Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. сотСонымен, Қостанай облыстық сотының судьясы болып Құралай Екішева, облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялығына Мылтықбай Қазтаев пен Манарбек Өрімбаев, Қарасу ауданының №2 сотына төраға болып Болат Көбеев бекітілді.
Тағайындалған судьяларды ұжымға таныстырған облыстық соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев олардың жұмыс өтілі мен жетістіктеріне тоқталды.
Облыстық сот судьясы Қ.Екішева он бес жылдан астам уақыт Арқалық қалалық сотында судья болып еңбек еткен.
Ювеналдық сот судьясы болып тағайындалған М.Қазтаевтың судьялық өтілі – он үш жыл. Бұған дейін ол Денисов және Меңдіқара аудандық соттарында төраға болған.
М.Өрімбаев та ұзақ жыл судья жұмысын атқарып келеді.
Қарасу аудандық №2 сотының төрағасы Б.Көбеев төрт жыл Наурызым ауданында жұмыс істеген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓