Имамдар білімдерін жетілдірді
Жақында Жангелдин ауданының орталығы Торғай селосында имамдарға арналған семинар өтті. Жиында дін қызметкерлері "Жаназа және жерлеу рәсімдері" кітабының мәні мен мазмұнына кеңінен тоқталды. Қазіргі таңда әрбір мұсылман бұны жете білуге тиіс.Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет жүргізіп отырды.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Ризабек Батталұлы жаназа мәселелері бойынша келелі әңгіме қозғап, өзінің осы еңбек жөніндегі ойларын ортаға салды.Жиынға қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Көп жайды көңілдеріне түйіп, мұсылман қауымына алдағы кездері аса қажетті кітаптың мазмұнына көңілдері әбден толды.
Басқосуды қорытындылай келе, өкім имам Бахытбек Нұрғабылұлы мәртебелі қонаққа өзінің ризашылығын білдірді. Барша имамдарға жұмыстарына табыс тіледі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.