Айтбай батырға арналды

Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен жерлесіміз, қанжығалы Айтбай батырдың 300 жылдығына арналған іс-шара өтті.DSC_7456
«Айтбай Аткелтірұлы батырдың шежіресі» тақырыбында өрбіген келелі кездесуге жерлесіміздің ұрпағы М. Жанұзақов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г. Елеуова және тіл үйренушілер арнайы шақырылды.
Басқосу барысында орталық директоры Н.Серікпаев құттықтау сөз сөйлеп, оқытушы Б.Жалимбетова баяндама оқыды. Сондай-ақ, сөз кезегі мәртебелі мейман Марат Жанұзақовқа беріліп, ол батырдың шежіресін әңгімелеп берді. Яғни, ел тәуелсіздігі үшін жоңғар шапқыншылығына қарсы жан беріп, жан алысқан шайқастарда ел намысын ту еткен баһадүр бабаның ерлігі жайында айтты. Ұлт тарихынан ерекше орын алатын осындай батыр туралы көп нәрсені түйіп, білген тіл үйренушілер өз ойларын ортаға салып, көкейкесті сұрақтарына жауаптар алды.DSC_7448
Қорытындысында орталық директоры Н.Ә.Серікпаев М.Жанұзақовқа алғыс білдіріп, бағалы сыйлық табыс етті.
Айта кеткен жөн, шараның басты мақсаты – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, даңқты батырға деген құрмет және туған өлкеміздің тарихын жерлестерімізге, өскелең ұрпаққа жеткізу болды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓