Қазанында қарасора
Арнайы бөлме жабдықтап, қарасора өсірген Рудный қаласының тұрғыны тұтқындалды. 37 жастағы ер адам "Қарасора 2022" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсіп отыр. Көп қабатты үйдің пәтерінде рудныйлық арнайы бөлме жабдықтап, каннабистің әртүрлі сорттарының 4 бұтасын өсірген. Өсімдік төрт қазанға егіліп, электр шамдарымен көмкеріліпті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптамалық зерттеу жүргізілуде.