Мал ұрлаушы қолға түсті
Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері екі асыл тұқымды бұқаны ұрлап кеткен Обаған ауылының тұрғынын қолға түсірді.
Қылмыс 16 тамызда түнде Үкіатқан ауылында орын алған. Күдікті қорада тұрған әулиекөлдік асыл тұқымды екі бұқаны қолды қылып, 500 мың теңге шығын келтірген. Келесі күні бұқалардың ұрланғанын байқап қалған малшы дереу полицияның көмегіне жүгінген. Учаскелік инспекторлардың жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотталған 35 жастағы Обаған ауылының тұрғыны қолға түсті. Ол ұрланған малдарды қорасына апарып қамап қойған көрінеді.
Қазіргі уақытта осы қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қ.МАРАТҚЫЗЫ