Екі инвестжоба іске қосылмақ

Аманкелді ауданында биыл индустрияландыру картасынан тыс екі жобаны іске асыру жоспарлануда. Мәселен, Аманкелді селосында жеке кәсіпкер “Ақышова Ж” өз қаражаты есебінен “Ағаш және темірбетон өнімдерін шығару” жобасын қолға алмақшы. Жоба құны 25 млн теңге. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған, ағаш өнімдерін шығаратын құрал-жабдықтарға монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ал темірбетон өнімдерін шығару іске қосылған.аманкелд3
Сондай-ақ, екінші жоба бойынша, Есір ауылында “Шегет” шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 3000 тонналық көкөніс сақтау қоймасын салуда. Жоба құны 100 млн теңге. Аудан әкімі Н.Өтегеновтің айтуынша, аталған жобаның арқасында ауданда көкөніс тапшылығы орын алмайтын болады.
Жалпы, биыл диқандар аудан бойынша 70 мың гектар алқапқа картоп егіп, гектарына 10 центнерден өнім алған көрінеді. Қазіргі таңда шаруалармен келісілген меморандумның арқасында картоптың келісі 70 теңгеден сатылуда. Аудан басшысы алдағы уақытта да көкөніс қана емес, жалпы азық-түлік бағасының тұрақты сақталатындығын айтады.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓