Білікті заңгер, академик Сартаев 90 жаста

Қостанай гуманитарлық колледжі ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өтті.IMG_7349Сұлтан Сартайұлының есімі еліміздің алғашқы Ата заңын әзірлеген заңгер–ғалымдардың бірі де бірегейі ретінде белгілі. Академик 1978 жылғы Қазақ КСР Кон-ституциясы мен 1993 жылғы ҚР Конституциясын жасауға қатысты,.Бұдан бөлек көптеген іргелі заңнамалық актілердің жобасын жасауға белсенді үлес қосқан. Соны ішінде 1990 жылғы 24 сәуірдегі ҚР Президенті лауазымын белгілеу туралы Заң да бар. Маңызды жұмыстарды жауапкершілікпен атқарған азамат республика бойынша білікті заңгерлер даярлауға өлшеусіз үлес қосты. Академик Сартаевтан тәлім алған шәкірттер бүгінде республикамыздың әр аймағында, жауапты қызметтерде еңбек етуде.IMG_7358Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында академик Сартаевтың бастамасымен Қостанай облысының орталығында заңгерлер даярлайтын жоғары институт ашылған еді. Сол оқу орны бүгінде Қостанай гуманитарлық колледжі болып өз жұмысын жалғастыруда. Сұлтан Сартаевтың есімі аталған колледжің негізгі құрылтайшысы ретінде алтын әріптермен жазылды. Академиктің 90 жылдық торқалы тойына арналған ғылыми-практикалық конференцияда колледж оқытушылары баяндама жасап, Сартаевтың өмірбаянынан сыр шертіп, еңбек жолына шолу жасады. Оның отбасы, ұрпақтары мен шәкірттері туралы жүректің нәзік қылын шертер сырлар айтылды.IMG_7364-Сұлтан Сартайұлы Қостанай қаласында заңгерлерді, аудармашыларды, информатика саласының болашақ мамандарын даярлау үшін орта кәсіптік білім беретін мекеме ашу керек деп бастама көтерді. Осылайша, акдемик Сартаевтың тікелей араласуымен Қостанай гуманитарлық колледжінің негізі қаланды. Колледжді ашып ғана қоймай, Алматыдан білікті заңгерлерді, ғалымдарды, үздік мамандарды Қостанайға әкеліп, осындағы студенттеріне дәріс оқып, білім беру жұмыстарын жандандырды. Студенттермен, оқытушалырмен кездесіп, ағалық ақылын айтып отыратын. Сол кісінің тәрбиесін көрген шәкірттер қазіргі күні жоғары лауазымды қызметтерді атқаруда,-деді академиктің шәкірті Қайыргелді Нұрманов.
Сұлтан Сартаев еліміздегі заң саласының дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдыра білді. Оның шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі де орасан зор. Сартаевтың өмір жолын зерделеген адам академиктің өлеңге жақындығын да білері анық. Әсіресе, сағыныш сазына толы туған жер туралы толғаныстары бір төбе. Конференцияда бір топ студенттер Сартаевтың өлеңдерін жатқа оқыды. Белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет ақынжанды академик туралы ой бөлісті.IMG_7378– Ол – ақынжанды адам. Туған жерге, өскен жерге деген сағынышын өзінің жүрекжарды жырлары арқылы берген. Оның кітаптарында жан сыры, шәкірттеріне деген үлгісі, өнегесі, өмірлік ұстанымы жазылған. Қостанай өңірі ақындар мен батырлар, мемлекет қайраткерлерінің елі ғана емес, сонымен бірге ұлы ұстаздардың елі. Ұлы ұстаздардың басында Алашорданың кешегі қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Мурзин, Е.Омарұлы, олардың ізін жалғаған С.Көбей, Б.Өтетілеуов сияқты ұстаздардың ең көшбасында тұратын ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин болатын. Сондай ұстаздардың ізбасары секілді талай шәкірт тәрбиелеген Сартаевтың еңбегі бәріміздің көңілімізге қуаныш ұялатады. Қалың қазақтың ортасында өскен, сыр елінің тумасы Сұлтекеңді қазақтың қаймағын қанып ішкен, уызынан жарыған деп айтуға болады,-деді ақын, ҚМУ-дың профессоры А.Шаяхмет.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓