Татулық – тәуелсіздік тірегі

IMG_6329Бағытұр ДӘНДІБАЕВ,
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі:
Біз қазақ сонау зұлмат замандарда аштықты да, соғысты да бастан өткеріп, мың өліп, мың тірілген халықпыз ғой. Міне, сол қиындықтарға қарамастан ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, бүгінде азаттықтың ақ таңының арқасында шалқып-тасып өмір сүріп жатырмыз. Біздің басты байлығымыз да, бақытымыз да осы егемендігіміз. Өйткені, осы тәуелсіздіктің арқасында дініміз де, салт-дәстүріміз де, ұлттық мәдениетіміз де қайта жаңғырды. Ал, тәуелсіздігіміздің тіре-гіне айналған татулық пен тұрақтылықтың арқасында бүгінде еліміздің әлеуеті артып, Қазақ елін күллі жаһан таныды. Әрине, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ, ол қаншама адамның қанымен, жанымен келген басты байлығымыз. Ал, тәуелсіздіктің ал-ғашқы жылдары егемендікке енді ғана қолжеткізген ел үшін де оңайға соққан жоқ. Мемлекетімізді аяғынан нық тұрғызу үшін қыруар күш қажет болды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа мемлекеттің алдымен экономикасын көтеруді басты мақсат етсе де, бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жеткізу мүмкін еместігін де әу баста айқындап алды. Міне, содан бері Елбасымыз экономикалық дамумен қатар еліміздегі татулықтың да тамырын тереңдету керектігін халыққа түсіндіруден еш жалыққан емес. Бейбітшіліктің, береке-бірлік-тің қадірін білетін халқымыз да татулық, келісім сияқты ұранды үнемі ту етіп келеді, бүгінгі мамыражай тірлікке шүкіршілік етеді.
Елбасы бір жолдауында: "Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге таныламыз", – деп ерекше атап өткен еді. Бүгінде  осы татулықтың тірегіне негіз болып отырған сарабдал саясат шеңберіндегі атқарылып жатқан игі жұмыстар да өз   жалғасын табуда. Бұл жұмыстардың орындалуына сонау 1995 жылы Елбасымыздың тікелей қолдауымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясының да сіңіріп жатқан еңбегі орасан зор деп білемін. Бүгінде еліміздің әр аймағында облыстық ассамблеялары ашылып, оның аясына шоғырланған түрлі мәдени-ұлттық орталықтар да тәуелсіздіктің тірегіне айналған татулықты насихаттау мақсатында игілікті жұмыстар тындыруда. Әрі біздің елімізде әр бірлестіктің емін-еркін жұмыс істеп, ойлаған игі бастамаларын жүзеге асыруына мемлекет тарапынан да зор қолдау көрсетіліп келеді. Ерекше атап өтер жәйт, Президент Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы ассамблеясының жылы болып жарияланды.
Сөздің түйіні, еліміздегі ауызбіршілік пен тұрақтылық, ұлтаралық келісімнің нәтижесінде бейбіт қоғамның шынайы бейнесі қалыптасты. Егемендік алған 23 жылдың ішінде Қазақ елінің экономикасы қарыштап дамыған, әлеуеті артып, бірлігі бекемделген тұтастай ынтымақтастық ортасына айналғанын біз мақтанышпен айта аламыз. Алла тағала осы күнімізді көп-сінбесін, ең қымбат қазынамыз – тәуелсіздігіміз ұзағынан болып, болашағымыз жарқын болсын!
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓