АЙТЫСҚА АЛДАРКӨСЕ КЕРЕК ЕМЕС!

Әкем айтыс десе ішкен асын жерге қоятын. Жақында Тобыл жағасында қазақтың мықты ақындары жиылып айтыс жасайды дегенді естігенбіз. Кіру бағасы бес мың теңге екен. Телефон арқылы сөйлескенімде: «Айтысқа мұң-мұқтажды, ащы шындықты естісем деп келеді халық. Енді сенің Қостанайыңның істеп отырғаны несі? Ұлттық өнерді ток-шоу қылғандары ма сонда? Біздің ауылдан бесеуміз барайық деп едік. Жол шығынымыз, оған айтысқа кіру құнын қосқанда неміз қалады?!» – деп қынжылды әкем.
            Осыдан бірнеше жыл бұрын «ақтөбелік азамат айтысты жекешелендіріп алыпты» сынды алыпқашпа әңгіме шықты. «Естімеген елде көп». Қара сөздің қаймақтары ғұмыр кешкен қарт Қостанай айтыс арқылы пайда таппақ дегенді естігіңіз келе ме? Әрине жоқ. Алдымен, сөз қадірінің құны, айтыстың қасиеті жайлы ой санамызға сап ете қалады. айтус
            Айтпақшы, туған жерімізде айтыстың яки айтыскерлеріміздің аяқ алысы (адуыны десек артық болады-ау) қалай? Бізде қандай мықты ақындар бар? Қара қылды қақ жаратын Айбек Қалиев. Бұл аксиомаға айналып бара жатыр ма өзі, қалай? Айекеңнен басқа жампоздарымыз жұрт алдында жар салатын, қала берді, дүйім ел олардың өнеріне тамсанатын күнге қашан жетеміз? Алдағы уақытта топ жаратын тарландарымызға осы негіздегі сұрақтар толып жатыр. Әзірше шығар, бірақ… Сенейік.
Хош, өткен айда облыстық айтыс өткізілді. Керек десеңіз, бір күнде екі айтыс ұйымдастырылды. Тігілген жүлделер де студенттердің бір байып қалуына жарайды. Алғашқы аламанға онға тарта ақын қатысты. Барлығы облысымыздың «сайыпқырандары». Айтыста Арқалық ақындары өресінің биік екендігіне осы додада көзі қарақтының барлығы куә болды. Дегенмен, қорытынды көрсеткіш мынадай: бас жүлдені Бақытжан Әлкебаев (Қостанай қ.) жеңіп алды. Жүлделі бірінші орынды Батырлан Сағынтаев (Арқалық қ.), екінші орынды Дастан Беков (Қостанай қ.)  пен Нұрсұлтан Қасым (Қостанай қ.) , үшінші  орынды  Нария Ақбаба (Қостанай қ.) және Хайролла Хафез (Арқалық қ.)  иеленді. «Айтысты мына әділқазылардан артық түсінемін. Бас жүлде Батырланда еді» деді сонда бір ақсақал. Көндік. Бұл жерде қалаларды бөлу немесе айтыскерлердің арасында кереғар пікірді қалыптастыру үшін емес, «шын мықтыға шынжыр салған соң» ашынып отырмыз. Осы жағдай бірнеше рет қайталанып келеді. Ал, арқалықтық ақындардың кеміс жері жоқ деуден аулақпыз. Бастысы, баға әділ жүрсе екен. 
Келесі айтыс кітапхана төрінде өтті. Қатысушылар – манағы ақындар. Тек қарсыластары әртүрлі. Сондай-ақ, кейбірі суырыпсалмақ құрлы, әуелгі айтыста айтқан «тақпақтарын» қайталап берді.
Амангелділік Балтасар мен арқалықтық Хайролла арасындағы айтыста алғашқы ақын осалдау көрінді. Хайролла тақырып «Қазақ хандығының құруылуынан» ауытқымай һәм қарсыласын жақсылап тістелеп отырды. Балтасар қарсыласын мультфильмдегі «Шрэкке» теңеді. Әділқазыларға ұнамаған тұсы осы болса керек.
Ақындар айтысы болғаннан кейін айтыскер, ең құрығанда, екі жол ұйқастыра білу керек емес пе. Қыз бен жігіт айтысын жасайды деп  Нәрия және Дастан жұбы шақырылды. Расын айту керек, Нәрия нанымды сөздерімен, ал Дастан дақпыртқа жақындығымен есте қалды.
Айтпақшы, бұл сыннан арқалықтық Батырлан Сағынтаев белгісіз себеппен-міс қатыспады. Тек көрермен көзайымы үшін өнер көрсету құқығына ие болды. Қарсыласы – қостанайлық Нұрболат Қадыров.
Батырлан жөлкемдеп те көрді, жыр-тұлпарына жүгенді шығыршықсыз таққан Нұрболат ұйқасты қойып, өз бетімен әлденелерді айтып, жеңіл күлкіге қарық қылатын бос далбасаға бой алдырды. Сылықпадан суырып алған сөзі өзіне жабысты.
Тіпті болмаған соң, қара сөзге дес беріп, ұйқасын өздерің құрап алыңдар дегендей қылды. Елді күлдірем деп, өзі күлкіге қалды. Домбыра – айтыс аламанындағы ақынның алдаспаны емес пе? Ендеше сол семсерді сілекейі аққан сөздермен былғайтын ол кім?
Айтыс ақындары халық пен биліктің арасындағы ядро болуға тиісті. Айналып кел­генде, айтыс көрінгеннің қолжау­лығына айналмауы керек.
Жалпақ тілмен жапсарласақ, «мен – саған, сен – маған» қазіргі қоғамның бет- бейнесі ме деп қаласың. Қазақ айтысының деңгейі ешқашан төмендеймейді, қасиетін қашыратын ақындар болады.айтыс
Айтыс – суырыпсалмалықтың шын үлгісі. Түскен тақырыпқа табан астында өлең құрай алатын ақындар Тобыл топырағында әлі-ақ болар. Былтырғы жылы «Қа­зақтың айтыс ақындары» деген бір том анық­тамалық кітап шықты. Оған 150-дей ақын кіріпті. Бізден – сол Айбек, Алаштың Қалиеві.  
P.S. Қолына қасиетті домбыра ұстап шыққан кез келгенінің көкейінде қазақы намыс тұруы қажет деп ойлаймын. Дыңғырлатып айтыскер атандым деген жарамайды. Менің айтыс сүйер азамат ретіндегі жеке пікірім бұл. Қостанайға келгеніме көп болған жоқ. Онсыз да тіл жағдайы ақсап тұрған жерде айтыс деңгейін түсіргеніміз жарамас. Әуезовше айтсақ, «Сын – шын болсын». Алдымен өзімізден бастаған жөн. Ащы дауыстың қай кезде шығатынын барлығы біледі. Бос мақтанға жол беріп, шайыр жасау – өнерге қиянат, тілге тосқауыл. Әйткен жағдайда, «тақпақшыларға» Киелі айтыстан аулақ жүріңдер дегім келеді. Бәлкім, жоғарыдағы аталғандардың ішіндегілердің бірі менің жақын досым болуы мүмкін. Бірақ, Ұлық Өнерге Алдаркөсенің қажеті жоқ!
 
Батыр Жолайұлы

You may also like...

24 Responses

  1. Нурик айтты:

    Әйтеуір, айтылды-ау! Келісем…

  2. Сезім айтты:

    Кітапханадағы айтыста болдым мақалада айтылғандай болды.өте сапасыз.жас буын арасында қостанайда жөні дұрыс айтыскер жоқ

  3. 777 айтты:

    Нұрболат дегеін айтыскер ма өзі.әлде КВНчик па? тележүргізуші ме?тамада боп жүргенін де көрдім.Ал Дастан Беков дегенді спортшы деп естігем.не боп кетті өзі

    • Айдос айтты:

      Бірде, спортшыдан емтихан қабылдап жатқан профессор ашынып: Құдайым ау, тым құрығанда Л.Толстой деген классикті танисың ба, соны айтшы? – деген екен.

      Сонда спортшы: Аға, мен классикамен емес, қазақша күреспен айналысамын – деп жауап қайырған екен. Мұнда да солай болып тұр ау шамасы )))

  4. Қымбат айтты:

    Ұлттық өнер дәріптелсе осылай сынай шыға келесіндер.айтыс көрсетілмесе, жоқ деп жылайсындар.жұртқа ешқашан жақпайды. Айтыскерлер мұнаймандар, қоларынан келмейді көбісінің сосын солай айтады. Айтыс қандай болса да бізге керек. Кім қалай айтысатынын олай талдап қажеті жоқ, достар

  5. Сағындық Нияз айтты:

    газетке шығарасыз дар ма? Басшыларыңызға ризамын, осындай мәселелер дер кезінде айтылуы қажет. Менің салемімді жеткізерсіздер!

  6. Аноним айтты:

    Қымбатпен келісемін, бірақ дәл анандай айтыс болса айтылуы керек қой! "Айтыс қандай болса да бізге керек" емес, ұялмай көретін айтыс қажет!

  7. Сұлушаш айтты:

    и мынау қайдан шығып жатқан сөздер!құдды бір қазақ сөзін әбден меңгеріп алған сиакты гой,мұғалім болсақ та былай жаза алмаймыз,аямаған екен.

  8. Жасырын айтты:

    КГПИ дагы Батыр Жолайбек па? онда осындай тіл бар ма? Бакең қатырған екен

    • Қолқоюсыз айтты:

      Осы өткен айтыс туралы өз пікірім, шыныда көзімізбен көрдік,естідік. Мен тек ақындарғада емес,автордында кей сөздерімен келісе алмаймын.Керемет сынай алдым деп отқан шығарсыз қаншама адамдардың пікірін өзгертіп. Осыдан кейін жерлес, өсіп келе жатқан ақындарды тыңдап, айтыс көруге кім барады дейсіз керемет тауып жазған мақалаңыздың арқасында. Бұл айтыстан көргеніміздей, әркім өзінше шындық айтты, кейбірі өзінара келісіп айтты, ал бірі жаттап айтса, біреуі лақпа өнер көрсетті.Бірақ біздің күтетініміз қысқаша айтқанда суырып салу, тақырыппен жұмыс әрі сұраққа-жауап беру.  Әрине, қарнымыз ашты бұл айтыстан. Бірақ автор, Қостанайлық жас ақындардын өнері туралы бір ауыз сөз жаза алмай отырып, онын қасында Арқалық пен Амангелділік ақындар айтысын сынап жазғаныныз жөн болмат.Себебі ақындардан сұраққа жауап, әрі екеуіде қазақ хандығы туралы айтқан жоқ емес,айтты .Сіздің бұл мақаланың тақырыбы Нурболат екенің ашып айтқаныныз жөн болар деп ойлаймын.

  9. Қанағат Сағындықов айтты:

    Бұлайша айтысып көгертпейсіндер. Егер шынымен солай болса Қостанайда ақын қалмаған екен. Ұлттық өнер ойыншық болған екен. Өзім Атырауданмын. Қостанайды Алаштың ұясы көруші едім. Алтын аталардың құм татыр ұрпақтары тегінді ұрайын

  10. Ұлжан айтты:

    Масқара! Қостанайым-ай

  11. Ұлжан айтты:

    Ұят болған екен

  12. Арқалық айтты:

    негізі Батырлан республикалық деңгейдегі ақын. Хайролла да жаман емес. Автордың сынын қабылдаған жөн.Кезіндегі ауылдастар Нағышыбайлардың сынын еске түсірейік.

  13. Гулзада айтты:

    Айтыс қазақтың төл өнері! жалпы Қостанайда Тоба ғана еді ғой, Нұрболатты білемін, ақын деп ойламаппын.

  14. Дана айтты:

    Сын-шын! Бірақ Қостанайым дейтін жалаң патриотизмнің де, даурығудың да керегі жоқ. Уақыт өз орнына қояды бәрін.Біздің өңірдегілер түк пайдасыз айтыстарға жол беретіндей надан емес, меніңше.

  15. Аноним айтты:

    Сонда уақыт-уақыт деп осылай жалғаса бере ма? Анау тақпақшылардың жарып щыққанын кутемиз ба? 

  16. Жандос Сейтмурат айтты:

    Менде телефон, сондыктан айып етпениздер. Кате жазсам. Бир жагынан келисуге болады Батырмен, расында да корлап керек емес айтысты, Толстовкадагы айтыста болгам, дал Нурболат домбыра устамай ак койсын. Маган ренжимениздерши.

  17. Дана айтты:

    Айтыс-күрделі өнер.Ол жайлы ұзақ жырлауға болады. Аноним, шын айтыссүйер  қауым өкілі болсаңыз әрекет етесіз-мүдде үшін.Байқауымша бұл жерде де көкті тіреген көкелерсіз болмай тұр-ау…

  18. Бақытжан айтты:

    Кеш болса да, жазайын. Өмірімде ең алғашқы рет алған бас жүлдем еді сол айтыста, оның өзі әділ жолмен келмегеніне ішім күйіп отыр. Үміттеріңізді ақтамасам ренжімеңіздер. Қатысқан ақындардың барлығы өзіндік ерекшелігі бар қатысушылар, барлығы да лайықты. Мен жайлы жаман пікір қалыптасқан соң, бұдан кейінгі айтыстарда жеңсем де “жеңілгенмен” бірдей болары сөзсіз, себебі халық алдында сондай кейпімде көрініп қалдым. Өкінішті… Әділдік болмаған айтыстан оза шапқаным біртүрлі екен… Жеңген сыйақымды кімге апарып берейін?! Мен одан байып кетпедім…

    • Батыр Жолайұлы айтты:

      Бақытжан сіз жайлы жаман пікір қалыптасты деп түйіндеуге болмас.  Ақындығыңызбен таныспыз. Біздік мақсат –  көрермен, оқырман, жазарман қауым ретінде ұлттық мүдденің пұшпағын илеу. Өнеріміз өз өресінде дәріптелсе екен, тегі. Өткен жолғыдай емес. 

  19. Саяхат айтты:

    Бакытжандыкы ерлик екен, ешким булай мойындай алмайды гой, согласитесь? Батыр Жолайұлы маған званданызшы? сіздің прфессиональный журналист екеніңз көрініп тұр, жас та емессіз ау. 87478956985

  20. Жасырын айтты:

    Нария – мыкты акын. КГПИ алға!

  21. Мұрат айтты:

    Әркім өз ойын айтуға құқылы. Мен де аз-мұз сөз қосайын. Алдымен, Қостанай таңының сайтына алғыс! Осы сықылды сыни мақалаларды жариялау дұрыс. Арқалықтың ақындарын өте жақсы білемін. Мықтысы мықты. Қостанайда да бар. Автор кеңірек, мол қылып жазу керек еді. Бұл жерде оның өз ойы ғой. Сөз саптауы сұмдық екен басқасын айтпағанда. Ал, сол айтысқа келер болсақ, Арқалықта жатып естідік деңгейінің қандай болғанын. Мықты сөздер де, мысқылханаға тән "ауа" ұйқастардың болғанынан хабардармыз. Айтыс ойыншық емес қой. Дегенмен, енді енді бастап келе жатқан ақындарға жол көрсеткен жөн

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓