Ақпараттық сағат аясында
Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада діни тақырыптар төңірегінде бірнеше мәселелер талқыланды. Шараға Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы, магистрант Дүйсен Дайыров қатысты.
Дәріс түрінде өткізілген кездесу барысында студенттер шарнайы шақырылған қонаққа көкейде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Алдымен, Дүйсен Сәрінжіпұлы Ислам діні туралы тұщымды ақпарат берді.
– Ислам діні халықты бейбітшілікке, білім алуға шақырады. Бүгінгі алмағайып заманда жастар үшін білім алу өте маңызды. Соңғы жылдардан бастап еліміз бойынша теологиялық дәрістер, «Дінтану» пәні оқытылып жатыр. Бұл жастардың теріс ағымға түсіп кетпеуіне әсер етеді. Негізі бәрі адамның біліміне, санасына байланысты. Отбасында алған тәрбие алдыңғы орынға шғуы тиіс, – деді наиб имам.
Дүйсен Сәрінжіпұлы Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» деп аталатын еңбегін оқуға шақырды. Сондай-ақ, оның пікірінше, Абайдың 38-ші қара сөзін әр студент жатқа білгені дұрыс.
Басқосу барысында түрлі пікірлер ортаға салынды. ҚМПИ студенті қазіргі басты тақырыптардың бірі – терроризм турасында сұрақ қойды. Өз кезегінде имам Ислам дінінің нақты міндеттерін түсіндірді. Құранда айтылған хадистерден мысал келтіріп, надандыққа, білімсіздікке тосқауыл болатын бірнеше тетіктерді ұсынды.
Қасқырбай Қойшыманов
Суретті түсірген Аййбек Жүзбай