Әжесінің қалтасын қаққан

Қостанай облысында немересі өз әжесінің ақшасын жымқырған, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.баушкаНемересі 8 қыркүйек күні ұрлық әрекетіне барған. Ол Рудныйдағы үйден әжесінің 500 мың теңге қаражатын қолды қылған. Дегенмен, бірнеше күннен соң жәбірленуші сотқа өтінішхатпен келді. Онда екі тарап арасында өзара келісімнің болғаны және немересін қылмыстық жазадан арашалауды сұрағаны жазылған.
«Күдікті де медиация тәртібімен келісімге келуді сұрап, жазбаша арыз жазды. ҚР «Медиация туралы» заңына сәйкес, жеке айыптаушы айыптаудан бас тартуына байланысты, іс өндірістен қысқартылды. Немересі «Ұрлық» бабы бойынша айыптан босатылды», – деп мәлім етілді облыстық сотта.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓