Күдікті қораптан торт табылды

Қостанай облысында күдікті қораптың кесірінен автобус екі сағатқа тоқтап тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. корапБұл оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желілерде жариялады. Ақпаратты ІІД  баспасөз қызметі растады.
«6 қазан күні «Қостанай-Екатеринбург бағытындағы автобус екі сағатқа кешігіп қозғалды. Кешкі сағат онда ер адам телефон арқылы автовокзал айналасында 30*30 сантиметр қораптың жатқанын айтты», – делінген ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.
Осы қоңырау автобустың жүруін тоқтатты. Тәртіп сақшылары қорап ішінде торттың болғанын анықтады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓